Lorem ipsum dolor sit amet consectetur
Главная » Файлы » Қазақша Курстық жұмыстар » Экономика

ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
15.11.2010, 07:19

2007-03-03:

Жаһандық экономика және Қазақстан

 

Әскери экономика

Өсу үстіндегі мегарыноктардың ара­сын­да қару-жарақпен сауда да бар. Қарсы тұру және қауіпсіздік экономикасының көлемі қырғи-қабақ соғыстың соңындағы көлемнен жоғары деп бағаланады. 2006 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік әскери экономиканың көлемі 1 трлн. 58 млрд. долларға жуықтайды.

"Oxfarm Іnternatіonal” фирмасының ба­ға­лауы бойынша 2005 жылы әлемдік қару-жарақ рыногының 82 пайызы Ресейдің (22,9 млрд. еуро), АҚШ-тың (22,3), Фран­цияның (6,8), Германияның (4,4) және Ұлыбрита­ния­ның (3,1 млрд. еуро) үлесіне келіпті. 2006 жылы әскери мақсаттағы өнім­дерді жеткізіп беру 101,1 млрд. дол­лар­ға дейін өскен, соның ішінде АҚШ – 45,3, Ресей – 20,2, Ұлыбритания – 13,6 млрд. доллар болған.

Таяу Шығыстың және Солтүстік Афри­каның үлесіне жалпы қару-жарақ им­пор­ты­ның 39,5 пайызы тиеді. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қару-жа­рақ­ты сатып алу көлемі 8,9 млрд. доллар (ры­ноктың 23 пайызы), НАТО мен Батыс Еуропаның көлемі – 8,5 млрд. доллар (22%) болып отыр. Қытай, Жапония, Оң­түс­тік Корея, Тайвань және Таиланд – Шы­ғыс Азиядағы қару-жарақты аса ірі импорттаушылар. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де қорғаныс шығындарын ұлғайтты.

Қазақстанда қару-жарақты – ату қару­ларын, теңіз торпедолары мен басқа да біре­гей мақсаттағы қаруларды шығару жө­нін­де елеулі әлеуетке ие бірқатар ірі кә­сіп­орындар бар. "Қазақстан инжиниринг” ұлт­тық компаниясы ресейлік компания­лар­мен бірлесіп те, сол секілді дербес те ай­тар­лықтай бәсекелі рынокқа шығуды жос­парлап отыр. Кейбір жобалар іске асыру кезеңіне көшкен.

Категория: Экономика | Добавил: Lucian
Просмотров: 1089 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Vestibulum nec ultrices diam, a feugiat lectus. Pellentesque eu sodales enim, nec consequat velit. Proin ullamcorper nibh nec malesuada iaculis. Donec pulvinar ipsum ac tellus ornare, quis vulputate lectus volutpat.